Теңге-Қазақстанның ұлттық валютасы

15.11.2022

14 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстанның ұлттық валюта күніне арналған әңгімелесу өткізілді. Бұл іс – шараның басты мақсаты-Қазақстанның ұлттық валютасы күнінің тарихи маңыздылығын атап өту, студенттерге патриотизм сезімін ояту, оларды халықтың мәдениеті мен құндылықтарына, сондай-ақ белсенді қоғамдық өмірге баулу. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздер ерекше орын алады, өйткені ол кез келген мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Ұлттық валюта – теңге де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны болып саналады. Теңге сатып алушылар мен сатушылар арасындағы айырбастау құралы ғана емес, тәуелсіздіктің өте маңызды элементі, тіпті жаңа қазақстандық дүниетанымды қалыптастыру құралы болды. Бұл іс-шара студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, еліміздің патриоты мен азаматын қалыптастыруға ықпал етеді.



Текст
Виртуальная приемная